Жетісу облысына биыл 2 млн-нан аса турист келген

191

Облыста туристік орындар жетерлік. 

Жетісу облысына биыл 2 млн-нан аса турист келген Фото: daryo.uz

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі туристік инфрақұрылымға қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биыл өңірге 2 миллионнан астам турист келді. Өздеріңізге белгілі, жер жәннаты Жетісуда көптеген туристік орындар бар. Солардың ішінде Алакөл өңірдің інжу-маржаны саналады. Сондықтан көлдің жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуды қолға алдық. Кәріз тазарту жүйесінің, "Бескөл-Ақши" электр желілерінің құрылысы басталды. Бүгінде Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы, "Талдықорған-Үшарал" автожолы қайта жаңартылып, "Тальго" жүрдек пойызы іске қосылды", – деді Бейбіт Исабаев.

Әкімнің дерегінше, Үшарал әуежайының өткізу қабілетін сағатына 50-ден 125 жолаушыға дейін ұлғайту үшін қосымша терминал салудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. 

Жетісу облысының туристік әлеуетін көтеретін екінші бағыт – Балқаш көлі.

"Балқашқа дейінгі 132 шақырым жолдың 122 шақырымында құрылыс аяқталды, қалған 10 шақырымы 2025 жылғы туристік маусымға дейін толық пайдалануға беріледі", – деді облыс басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу