Жетісу облысында 1 адамнан жаңа вирус анықталды

194

Жетісу облысында вирустық жұқпаларға тексерілген 87 адамның 28-інен оң нәтиже тіркелді.

Жетісу облысында 1 адамнан жаңа вирус анықталды Фото: Абзал Калиев

Оның ішінде 1 адамнан қауіпті вирус саналатын метапневмовирусы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Облыс бойынша 2024-2025 жылдар аралығындағы эпидмаусымда 50 мыңға жуық ЖРВИ тіркелді. Оның 70%-ға жуығы 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға төмен.

– Тұмау жұқпасының А (H1N1 09-pdm) – 18, В тұмауы – 12 жағдайы анықталды. Тұмауға жатпайтын жұқпаларға зерттелген 87 үлгінің 28-і оң нәтиже берді. Оның ішінде Риновирус – 13, Короновирус – 7, Парагрипп – 3, Бокавирус – 2, Метапневмовирус – 1, Аденовирус – 1, РС вирус – 1, – деді Жетісу облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу