Жетісу облысында 1 млн тонна дәнді дақыл жинауға толық мүмкіндік бар

Биыл дәнді дақылдар өнімінің көлемі бойынша өңір республикада алғаш рет төртінші көрсеткішке ие болды. 

Жетісу облысында 1 млн тонна дәнді дақыл жинауға толық мүмкіндік бар Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы елордада есеп берген өңір басшысы Бейбіт Исабаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыс әкімінің айтуынша, дәнді дақылдары 324 мың гектарға себіліп, 870 мың тонна астық жиналған.

"Орташа өнімділігі гектарына 25 центнер. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі", – деді облыс әкімі. 

Жалпы, биыл облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 32 млрд теңге бағытталып, оның 25,5 млрд теңгесі субсидия түрінде бөлінді.

"Сонымен қатар, облыста мал басының барлық түрлері мен өнім өндірісінің өсімі қамтамасыз етілді. Төрт түліктің саны 3,2 млн басқа жетті. Өңірде 120 ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, олар 10 айда 70 млрд теңге азық-түлік өндірген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға артық", – деп қосты спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу