Жетісу облысында 100-ден асқан қарт ана дауыс берді

559

Сарқан ауданында ғасыр жасаған қарт ана ең бірінші болып дауысын берді, – деп хабарлайды inbusiness.kz Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.  

Жетісу облысында 100-ден асқан қарт ана дауыс берді Фото: azattyq-ruhy.kz

Белдеубай Алтынхан апаның жасы 100-ден асып кеткен. Кейуана аудан халқына ақ батасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екенін айтып, алғашқылардың бірі болып дауыс берген. Сайлау учаскесінің өкілдері көшпелі жәшікті кейуананың үйіне апарды.

"Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсады. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым 100-ден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Сайлауда еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бейжай қарамаған жөн. Еліміз аман,  жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін", - деді қарт ана.

Бүгінгі сайлауда Сарқан ауданы бойынша 26  мыңнан астам сайлаушы өз дауысын бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу