Жетісу облысында 113 тоннадан астам ветеринариялық талапқа сай емес өнім жойылды

266

Шекаралық бекетте ветеринариялық заңбұзушылық деректері анықталды.  

Жетісу облысында 113 тоннадан астам ветеринариялық талапқа сай емес өнім жойылды Фото: ЖИ

Жетісу облысы Панфилов ауданындағы "Нұр Жолы" ветеринариялық бақылау бекетінде Қытай Халық Республикасынан әкелінетін және транзитпен өтетін жүктерді тексеру барысында ветеринариялық заңнаманы бұзудың 7 дерегі деректері анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы жүргізген тексеру нәтижесінде жалпы көлемі 113 тоннадан астам өнім тоқтатылған. Оның ішінде 66,4 тонна мұздатылған тауық еті, 46,8 тонна үйрек еті және 22 тонна балыққа арналған жем бар.

Мамандардың айтуынша, аталған өнімдердің импорты мен транзиті Қытай Халық Республикасынан әкелінетін құс шаруашылығы өнімдеріне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында енгізілген уақытша ветеринариялық шектеулерді бұзған.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 2 жеке және 4 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, бұл өнімдер қауіпсіз емес деп танылып, жоюға жіберілді. 2026 жылдың наурызы мен мамыры аралығында барлық өнім Панфилов ауданындағы арнайы жабдықталған алаңда өртеу әдісімен толықтай жойылған.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға шекара арқылы бақылаудағы жүктерді өткізу кезінде белгіленген ветеринариялық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу