Жетісу облысында 125 кәсіпкерге жарнама үшін негізсіз салық есептелген

416

Яғни, бизнес өкілдеріне сыртқы жарнама үшін салық заңсыз қосылған.  

Жетісу облысында 125 кәсіпкерге жарнама үшін негізсіз салық есептелген Фото: atameken.kz

Өңірде сыртқы жарнама туралы заңнаманы қолданудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің нәтижелері бойынша облыстың 125 кәсіпкеріне сыртқы жарнама үшін салықтарды заңсыз есептеу анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Мәселені зерделеу барысында осы салықтарды төлемегені үшін облыстың мемлекеттік кіріс органдары жылжымалы және жылжымайтын мүлікке заңсыз тыйым салғаны, сондай-ақ кәсіпкерлердің банктік шоттарын бұғаттағаны анықталды.

Жетісу облысы бойынша Антикормен кешенді іс-шаралар өткізілгеннен кейін Мемлекеттік кірістер басқармасы жарнама үшін бұрын есептелген салықтардың күшін жойып, кәсіпкерлердің мүлкіне барлық тыйым салуды алып тастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу