Жетісу облысында 17 шетелдік елден шығарылды

428

Олардың барлығы заңды қасақана бұзған.  

Жетісу облысында 17 шетелдік елден шығарылды Фото: gov.kz

Бұл туралы облыстық көші-кон басқармасының басшысы Ерлан Райымбеков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оның айтуынша, жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер құрылыс нысандарын, қонақ үйлерді, жатақханаларды және адам көп жиналатын орындарды тексерген.

"5 күнде көші-кон заңнамасын бұзған 388 адам анықталды. Оның 249-ы – шетелдік, 149-ы – Қазақстан азаматы. 23 адам заңды бұзып, шетелден жұмыс күшін тартқаны үшін жазаланды. Сот қаулысымен көші-қон заңнамасын әдейі бұзған 17 шетелдік елден шығарылды. Сондай-ақ іздеуде жүрген 2 адам ұсталып, жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 20 адам қамауға алынды", - деді Ерлан Райымбеков өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу