Тағы бір жағдайда жұмысты белгіленген кестеден тыс орындаған 115 медицина қызметкерінің құқығы бұзылғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Текелі қалалық ауруханасы оларға үстеме жұмыс үшін 15 млн теңгеден астам ақша төлемеген.
Панфилов ауданы мен Текелі қаласы прокурорларының қадағалау актілері бойынша жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жұмысшылардың еңбегі толық төленді, осылайша 181 адамның конституциялық құқығы қорғалды.
– Конституцияның 24-бабында әркімнің еңбегі үшін ешбір кемсітусіз сыйақы алу құқығы бекітілген, – деп жазды бақылаушы органнан.
Панфилов ауданы мен Текелі қаласы прокурорларының қадағалау актілері нәтижесінде жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, барлық берешек өтелді.