Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік және полиция департаменттерімен синтетикалық есірткі өндіретін екі жасырын зертхананың жолы кесілді.
Заңсыз айналымнан 10 кг-нан астам "мефедрон", шамамен 5 кг сұйықтық (кристалдану процесінде), 200 литр прекурсорлар, электронды таразылар, синтетикалық есірткі өндіру нұсқаулары бар дәптер, сұйықтық құйылған канистрлер, сондай-ақ "синтетик" өндіруге арналған құрылғылар тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жария етілмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу