Жетісу облыстық Білім басқармасы растады.
Жүкті болған қыздар - 9 және 10-сынып оқушылары. Мәселен, Панфилов ауданында жүкті болған қыз 9-сыныпта оқиды. Ал Сарқан ауданы мен Текелі қаласында жүкті болған қыздар 10-сыныптың оқушысы.
Бұған дейін Жетісу облысының Текелі қаласындағы №8 мектепте ерте жүктілікке қатысты тәрбие сағатын өткізген мамандардың басы дауға қалған болатын. Себебі, түсіндіру жұмысын жүргізген аурухана психологі жезөкшелерге арналған брошюраны оқушыларға таратып, ата-аналардың жағасын ұстатты.
Туындаған даудан кейін аурухана психологі өз еркімен жұмыстан кетіп, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөгіс алған болатын. Белгілі болғандай, оқушылармен ерте жүктілік бойынша кездесуді өткізген аурухана психологі мектеп әкімшілігіне балаларға таратылатын нұсқаулықты көрсетпей, бекітпей, өз бетінше бере салған.