Жетісу облысында 3 жасар баланың денесі табылды

485

Бала далада ойнап жүріп, жоғалған.

Жетісу облысында 3 жасар баланың денесі табылды Фото: polisia.kz

Жетісу облысы Панфилов ауданында жоғалған 3 жастағы баланың денесі табылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz. 

"20 мамыр күні Панфилов ауданының полициясына Алмалы ауылының тұрғыны шағымданды. Ол 3 жастағы баласының жоғалып кеткенін жеткізді. Анықталғандай, бала далада ойнап жүріп, жоғалған. Баланы іздестіруге 100-ден аса адам жұмылдырылды. Оның ішінде ауыл тұрғындарымен қатар полиция және әскери қызметкерлер де бар. Баланың мүрдесі арықтан табылды", делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Облыстық ПД мәліметінше, баланың денесі үйінен 3 шақырым жерден табылған. Болжам бойынша, бала каналға құлап, оны судың қатты ағыны алып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу