Жетісу облысында 3 жасар бүлдіршін әкесінің соққысынан кейін хирургия бөлімінде жатыр

99

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Жетісу облысында 3 жасар бүлдіршін әкесінің соққысынан кейін хирургия бөлімінде жатыр Фото: medaboutme.ru

Талдықорған қаласында ер адам өзінің үш жасар қызын аяусыз ұрып-соғып, өлімші күйге жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала деректерге сәйкес, 38 жастағы азамат отбасылық жанжал кезінде 30 жастағы жұбайына және кәмелетке толмаған қызына күш қолданған. Оқиға барысында отбасындағы екі жастағы ұл бала зардап шекпеген. Қазір екі бала да анасымен бірге дәрігерлердің бақылауында.

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш жасар қыз ауыр жарақаттармен облыстық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімінде ем алып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап, қажетті медициналық көмектің толық көрсетіліп жатқанын жеткізді. Балаға әрі қарай ем жүргізіліп, жағдайы тұрақты бақылауда.

Аталған факті бойынша ер адам әйелін және кәмелетке толмаған қызын ұрды деген күдікпен ұсталып, Талдықорған қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Құқық қорғау органдары отбасылық зорлық-зомбылық дерегі бойынша барлық мән-жайды анықтап, заң аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу