Жетісу облысында 30 адам қар құрсауынан құтқарылды

509

Бұл туралы inbusiness.kz сайты ТЖМ порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісу облысында 30 адам қар құрсауынан құтқарылды

"16 желтоқсанда "Үшарал-Достық" автожолының "Ырғайты" учаскесінде ауа-райына байланысты (боран, нөлдік көріну) қар құрсауында бірнеше автокөліктің тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 15.30-да Жетісу облысы ТЖД қызметкерлерінің күшімен (12 қызметкер және 3 бірлік техника) 14 автокөліктің салондарынан 24 адам құтқарылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар сол күні таңертең ТЖД құтқарушылары "Үшарал-Достық" автожолына 15 желтоқсан күні кешке қарда тұрып қалған үш көліктен 6 адам қауіпсіз жерге жеткізілген.

Құтқарылғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу