Жетісу облысында 31 жастағы ер адам заңсыз аңшылықпен айналысқан

273

Тіркелмеген аңшы мылтығын пайдаланған.

Жетісу облысында 31 жастағы ер адам заңсыз аңшылықпен айналысқан Фото: gov.kz

Жетісу облысында Үшарал қаласының маңында заңсыз аңшылық фактісі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құқық бұзушылыққа 31 жастағы ер адамның қатысы бар.

Табиғатты қорғау полициясы мен Алакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлескен іс-шара барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде аңшылық қағидаларын бұзу дерегін анықтады.

Полицейлердің мәліметінше, ер адам заңда белгіленген тәртіппен тіркелмеген бір оқпанды аңшы мылтығын пайдаланып, аң аулаған.

Аталған факті бойынша әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналып, сотқа жолданады. Сот құқықтық баға беріп, тиісті шешім қабылдайды.

Полиция аңшылық кезінде заң талаптарын сақтау қажеттігін еске салады. Қаруды заңсыз пайдалану және табиғатты қорғау қағидаларын бұзу үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық қарастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу