Жетісу облысында 4 қап балық аулаған зейнеткер ұсталды

108

Оқиға Алматы – Өскемен автожолының оңтүстік бағытында тіркелген.   

Жетісу облысында 4 қап балық аулаған зейнеткер ұсталды Фото: polisia.kz

Жетісу облысында уылдырық шашу кезеңіне байланысты жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері су биоресурстарын заңсыз тасымалдау дерегін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өңірлік табиғатты қорғау полициясы, Қаратал аудандық балық инспекциясы және патрульдік полиция батальонының бірлескен жасағы Setrа автобусын тексеру үшін тоқтатқан.

Тексеру барысында 64 жастағы жүргізушінің уылдырық шашу кезеңінде қолданыстағы тыйымға қарамастан, тиісті рұқсат құжаттарынсыз әртүрлі балық түрлері салынған 4 қапты тасымалдағаны анықталды.

Мамандардың айтуынша, мұндай заңсыз әрекеттер өңірдің табиғи тепе-теңдігі мен экожүйесіне елеулі зиян келтіреді. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеден асады.

Мамандар уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға және тасымалдауға қатаң шектеулер енгізілетінін атап өтті.

– Қолданыстағы шектеулер мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан, жекелеген азаматтар табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды жалғастыруда. Мұндай деректер ерекше бақылауда, себебі бұл табиғи ресурстарды сақтау және болашақ ұрпақ игілігіне қатысты маңызды мәселе, – делінген полицияның баспасөз қызметі хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қажетті материалдар жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу