Жайылымнан 81 бас асыл тұқымды ірі қараның 39-ы ұрланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Келтірілген материалдық шығын 46 миллион теңгеден асады. Арыз түскен бойда полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында малды 17 жыл бойы бағып келген 45 жастағы бақташы күдікке ілінді. Жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде аталған азаматтың қылмысқа қатысы бары анықталды.
Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Барлық мал өз иесіне қайтарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу