Алакөл ауданы Үшарал-Достық тас жолында жолаушылары бар 5 жеңіл көлік боранда қалып қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құтқарушылар қиын жағдайға тап болған жолаушыларға көмек көрсетіп, оларды "Трэкол" жол талғамайтын арнайы көлігімен Достық станциясына жеткізген.
Ақ бораннан аман шыққан 11 адамның ішінде 3 бала бар. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу