Жетісу облысында 5 жасар баланың мәйітін қоқысқа тастау ісі бойынша сот басталды

559

Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, қоқыстан табылған баланың 2002 жылғы анасы мен 2001 жылғы нағашы ағасына "баланы өлтірді" деген айып тағылып отыр, деп жазады inbusiness.kz.  

Жетісу облысында 5 жасар баланың мәйітін қоқысқа тастау ісі бойынша сот басталды Фото: egemen.kz

Естеріңізге сала кетейік, 18 мамыр күні Алматы облысы Сарқан ауданында бес жасар баланың мәйіті қоқыстан табылған болатын. Бұл іс бойынша күдікті ретінде баланың нағашы ағасы мен анасы сотқа тартылып жатыр.

"Екі күдіктінің үстінен Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша сот процессі жүріп жатыр. Сотталушылардың айыбы толықтай дәлелденсе, 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұл оқиға биыл Жетісу облысының Сарқан ауданының орталығында болған.

19 мамырда Сарқан ауданы прокурорының орынбасары Еділ Қорғанбаев: "Баланың анасы мен нағашы ағасы "баланың мүрдесін қоқысқа 2022 жылдың 11 ақпанында апарып тастаған айтты", - деп мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу