Жетісу облысында 6 сиыр ұрлаған азамат 2 жылға сотталды

286

Ұрланған мал өз иесіне қайтарылды. Үкім заңды күшіне енді.

Жетісу облысында 6 сиыр ұрлаған азамат 2 жылға сотталды Фото: canva.com

Жетісу облысы Қаратал аудандық соты ҚР Қылмыстық кодекісінің 188-1- бабы, 1-бөлігі яғни мал ұрлығы бойынша қылмыстық істі қарады.

Айыпталған азамат сот үкімімен 2 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

48 жастағы Қаратал ауданының тұрғыны жайылымда қараусыз жүрген ірі қараларды өз қорасына қамап, олардың құлақтарына жаңа таңба салған. Осы арқылы қылмысын жасыруға тырысқан. Құқық қорғау органдары куәгерлердің айғақтары мен іздестіру шараларының нәтижесінде ұрланған малды анықтады.

Қаратал аудандық сотының дерегінше залал мөлшері 1,2 миллион теңгеден асқан. (6 ірі қараның құны)

Қылмыстық әрекет үшін заң бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе балама жаза түрлері қарастырылған.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Материалдық шығынды толығымен өтеді.

"Жәбірленуші сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Осы мән-жайларды ескере отырып, сотталушы мал ұрлығын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу