Жетісу облысында 67 адам қар құрсауынан шығарылды

418

Жетісу полицейлері мен құтқарушылары "Сарыөзек-Көктал" автожолында 67 адамды эвакуациялады, оның арасында екі бала мен бір жүкті әйел бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жетісу облысында 67 адам қар құрсауынан шығарылды Фото: бейнеден Жетісу облысының әкімдігі

— Аяз, көктайғақ және боранмен бірге жүретін өңір аумағындағы ауа райының күрт өзгеруі автокөлік иелеріне көп қиындық туғызды. Мұндай жағдайда полицейлер құтқарушылармен және жол қызметімен бірлесіп автокөліктің қауіпті жолға шығуына жол бермеу жөнінде шара қабылдап жатыр. Алайда, қозғалыс шектеулерін елемей, қолайсыз ауа райына қарамай жолға шығып, өзіне және өз жолаушыларының өміріне қауіп төндіретіндер де бар, — деп атап өтті ПД ППБ взводының командирі Думан Сеңгірбаев.

Жүргізушілер полицейлерге, құтқарушыларға және жол қызметкерлеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.

Өткен тәулікте ауа райына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар көптеген жолдар жабылды. 

Полиция қызметкерлері өз кезегінде патрульді күшейтіп, тәулік бойы жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу