Жетісу облысында 7 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер анықталды

393

Көксу ауданында кадастрлық құны 229 млн теңгеден асатын 200 гектар жер мемлекетке қайтарылды.  

Жетісу облысында 7 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер анықталды Фото: hobbyka.ru

Жетісу облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы тиімсіз пайдаланылып жатқан жерлерді анықтап, оларды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қадағалау жұмыстары барысында Көксу ауданының прокуратурасы биыл мемлекетке 200 гектар ауыл шаруашылығы жерін қайтарды. Ұзақ уақыт бойы мақсатты пайдаланылмаған жер учаскелерінің кадастрлық құны 229 млн теңгеден асады.

Сонымен қатар аудан прокурорлары жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылмай жатқан 7 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді анықтады. Оларды мәжбүрлеп алып, мемлекеттік жер қорына қайтару үшін уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Қайтарылған жер учаскелерінің барлығы конкурс арқылы бөлінеді. Бұл жергілікті тұрғындар мен адал кәсіпкерлерге мал және егін шаруашылығын дамыту үшін жер ресурстарына заңды түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Прокуратураның мәліметінше, жер ресурстарын ұтымды пайдалану және оларды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету мәселесі бақылауда. Пайдаланылмай жатқан жерлерді экономикалық айналымға енгізу жұмыстары облыстың барлық аудандарында жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу