Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Сарқан ауданындағы қант қызылшасын суару жүйесімен танысты, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мухамади" шаруа қожалығы жүгері, күздік бидай, қытай бұршағы, жаздық арпамен қатар 160 гектарға қант қызылшасын сепкен. "Полухин Е. Ю" шаруа қожалығының барлық егістігі 1898 гектарды құрайды. Мұнда күздік, жаздық бидай, жаздық арпа, қытай бұршағы, жүгері, қант қызылшасын еккен.
Аймақ басшысы мемлекет тарапынан бұл салаға барлық жағдай жасалатынын жеткізді.
"Мухамади" шаруа қожалығы су үнемдеу технологиясын енгізіп бастады. Қазір қант қызылшасы алқабында 30 жолға кететін суды 70-80 жолға жеткізуде. Бүгінде облыс көлемінде 8 мың гектар қант қызылшасы себілсе, 2026 жылға қарай 15 мың гектарға жеткізуіміз керек. Күзде Ақсу қант зауыты іске қосылады. Сондықтан Алакөл, Сарқан, Ақсу аудандарында тәтті түбірді егу көлемін екі есе арттыруымыз қажет", - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.