Жетісу облысында 90 млн теңге шығын келтірген мал ұрлығы бойынша сотталғандарға нақты жаза тағайындалды

348

Прокурордың апелляциялық өтінішхатынан кейін шартты жаза күшін жойды.  

Жетісу облысында 90 млн теңге шығын келтірген мал ұрлығы бойынша сотталғандарға нақты жаза тағайындалды Фото: Егемен Қазақстан


Жетісу облысында мал ұрлығына қатысты қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейту бағытындағы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыс прокуратурасымен жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қабылданып, осындай санаттағы қылмыстарды жасаған тұлғаларға нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға бағытталған тұрақты сот тәжірибесі қалыптасуда.

Алакөл ауданында қаралған қылмыстық іс бойынша серіктестіктердің бірінің екі қызметкері өздеріне сеніп тапсырылған ірі қара малды ұрлап, 90 млн теңгеден астам материалдық залал келтіргені анықталды.

Бірінші сатыдағы сот оларды ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы бойынша кінәлі деп танып, 5 жыл 7 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Алайда Алакөл ауданының прокуратурасы бұл шешіммен келіспей, апелляциялық өтінішхат енгізді. Нәтижесінде Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың өтінішхатын қанағаттандырып, шартты соттауды жойды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Жетісу облысының прокуратурасы сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз ету, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың бұлтартпастығы қағидатын нығайту бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу