Жетісу облысында әкесін ұрған ағайынды жігіттер қамалды

143

Қазір екеуі қамауда отыр.  

Жетісу облысында әкесін ұрған ағайынды жігіттер қамалды Фото: zakon.kz

Бұл туралы Жетісу облыcтық полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді туған балалары 90 күн бойы әкесіне жақындамауы қажет. 

Жақында 62 жастағы ер адамның видеосы әлеуметтік желі арқылы таралды. Бейнежазбада Ақсу ауданының тұрғыны екі ұлынан зәбір көріп отырғанын айтқан.

Полицияның хабарлауынша, ер адам 12 ақпанда арызданған. Осыдан кейін ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Тергеу барысында құқыққа қайшы әрекеттерді оның 31 және 34 жастағы екі ұлы жасағаны анықталды. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына қамау түріндегі жаза тағайындалды. Істі қарау барысында сот олардың мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгіледі. Бостандыққа шыққаннан кейін екеуі де профилактикалық есепке алынады", – делінген департамент таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу