Жетісу облысында мас ер адам көрші әйелді күрекпен аяусыз ұрған

332

Ауыр жарақат алған әйел адам әлі күнге дейін ем алып жүр.  

Жетісу облысында мас ер адам көрші әйелді күрекпен аяусыз ұрған Фото: orda.kz

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша денсаулыққа зиян келтіру фактісі негізінде қылмыстық іс қозғалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген ресми хабарламада.

Оқиға 3 наурызда күндіз Ақсу ауданының Суықсай ауылында болған. Ішімдік ішкен 49 жастағы ер адам үйінің ауласында ауылдық дәрігерлік амбулатория меңгерушісіне тап берген. Жанжал әйелдің кәсіби қызметімен байланысты емес.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам зардап шегушінің кәмелетке толмаған балаларын балағаттаған. Әйел оған ескерту жасаған кезде, ол қар тазалап жатқан күрегімен тап беріп, басынан және денесінің өзге жерлерінен ұрған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу