Жетісу облысында ауыл әкімі оқушыны басып кетті

539

Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова 9-сынып оқушысын қағып өлтірді.

Жетісу облысында ауыл әкімі оқушыны басып кетті Фото: inbusiness.kz

Жетісу облысындағы Биғаш ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болып, мектеп жасындағы бала оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ескелді ауданы әкімдігінің мәліметтеріне қарағанда, 2 қарашада кешке жасөспірім көлік соқтығысқан кезде жолдан өтіп бара жатқан. Соқтығысу кезінде автокөлік Боранбаев көшесімен батыс бағытта жүрді.

ЖКО салдарынан 9-сынып оқушысы Асыл Тұрсынбай оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына келген полиция хаттама толтырып, анықтау амалдарын жүргізгенімен, көлік тізгініндегі әйел адамды босатып қоя берген.

Кейіннен баланы басып кеткен автокөліктің иесі Кербұлақ ауданындағы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова екені белгілі болды.

"ЖКО фактісі бойынша, қажетті сараптамаларды тағайындаумен ҚР ҚК–нің 345-бабында көзделген көлік құралдарын басқаратын адамдардың ЖҚЕ немесе көлік құралдарын пайдалануын бұзу, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған, сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі", - деп хабарлайды өңірдің полиция департаменті.

Әлия Бақтиярова белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салумен бес жылға дейінгі бас бостандығынан айырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу