Жетісу облысында ауыл тұрғынынан заңсыз ауланған 100 келі балық тәркіленді

473

Жетісу облысында ауыл тұрғынынан заңсыз ауланған 100 келі балық тәркіленді. 63 жастағы ер адам Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының маңында профилактикалық іс-шара барысында ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысында ауыл тұрғынынан заңсыз ауланған 100 келі балық тәркіленді Фото: polisia.kz

Оның көлігінен балықтың әртүрлі түрлері мен пайдалануға тыйым салынған дараталшық торлары табылды.

"Тәркіленген балықтың жалпы салмағы шамамен 100 келі. Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады. Келген шығын 400 мың теңгеге жуық", - дейді табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу