Жетісу облысында балабақша бухгалтері 38 млн теңге ұрлаған

755

Күдіктінің қылмысы дәлелденсе 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

Жетісу облысында балабақша бухгалтері 38 млн теңге ұрлаған Фото: azattyq-ruhy.kz

Жетісу облысының Ақсу ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 40 млн.теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Жымқыру фактісі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталды, онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасындағы айырмашылықтар байқалған.

Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (аса ірі мөлшерде ұрлау).

Істі Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тексеруде.

Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу