Жетісу облысында бес жыл бойы алимент төлемеген ер адам сотталды

172

Оның бес жылда алимент бойынша 2,6 млн теңге көлемінде қарызы жиналған.

Жетісу облысында бес жыл бойы алимент төлемеген ер адам сотталды Фото: Pixabay.com

Жетісу облысында алиментті қасақана төлемей жүрген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алакөл ауданының тұрғыны 5 жыл бойы балаларына алимент төлеуден жалтарған. Бұл туралы облыстық прокуратурадан мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ер адамның бес жылда алимент бойынша 2,6 млн теңге көлемінде қарызы жиналған.

"Аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуге бастамашылық жасап (балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерін орындамау), ол сотқа жіберілді. Сот үкімімен борышкерге пробациялық бақылау белгілене отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері прокуратура шараларымен алимент төлемеген 206 адам әкімшілік жауапкершілікке, 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауға бағытталған түбегейлі шара қабылдауды жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу