Жетісу облысында биылғы маусымда 70 дала өрті тіркелді

388

Су айдындарында адам өлімі фактілері орын алуда.

Жетісу облысында биылғы маусымда 70 дала өрті тіркелді Фото: ҚР ТЖМ

11-16 шілде аралығында Жетісу облысының аумағында ауа температурасының +43 градусқа дейін күрт көтерілуі күтілуде.

Бұл табиғи өрттердің туындау қаупіне және су айдындарында адам өлімі қаупінің артуына әкеледі.

"Биыл өрт қауіпті кезеңі басталғалы Жетісу облысының аумағында 4 орман өрті және 70 дала өрті тіркелді. Облыс аумағында жазда шомылу үшін пайдалануға болатын 43 ірі ашық су айдыны бар. Олардың негізгілері - Алакөл мен Балқаш көлінің жағалауы. Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, су айдындарында адам өлімі фактілері орын алуда. Жыл басынан бері су айдындарында 2 адам, шомылу кезеңінде 1 адам қаза тапты. Сондай-ақ 11 адам құтқарылды, оның ішінде 2-уі бала", - деп жазды аймақтағы ТЖД.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу