Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерінің көмегімен жергілікті кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен екі күдіктіні ұстады.
"Күдіктілерді ұстау Алматы-Өскемен трассасының жол бойындағы дәмханалардың бірінде жүргізілді. Олардың бірі бұрын сотталған Алматының 53 жастағы тұрғыны, екіншісі Алакөл ауданының 35 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады Жетісу облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігіне (қорқытып алу) сәйкес жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу