Жетісу облысында бұрын істі болған азаматтан заңсыз сақталған қару тәркіленді

489

Дерек Ақсу ауданында тіркелді. 48 жастағы ферма иесінен заңсыз сақталған үш қару табылып, тәркіленді. 

Жетісу облысында бұрын істі болған азаматтан заңсыз сақталған қару тәркіленді Фото: polisia.kz

 – Ер адам көрші ауданда тіркелген және есептік деректерге сәйкес бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның шаруа қожалығының аумағындағы тұрғын үй құрылыстарының бірінен 5,6 мм калибрлі ТОЗ винтовкасы, сондай-ақ 20 және 12 калибрлі, бірі қосауыз мылтық және екіншісі бір ұңғылы, екі мылтық табылды. Қару тәркіленді және баллистикалық сараптама тағайындалды, – деді Ақсу ауданының полиция бөлімінің бастығы Ернар Ширбаев. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 287-бабына сәйкес (Қаруды заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) жүргізіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу