Жетісу облысында Damumed жүйесіне қол жеткізген хакерлерге үкім шықты

144

Оларға 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Жетісу облысында Damumed жүйесіне қол жеткізген хакерлерге үкім шықты Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы жылдың 30 қаңтарында Талдықорған қаласы сотының шешімімен олар Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігінде және 208-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға сотталды.

"Тергеу барысында медициналық қызметкерлердің тіркелгілерін заңсыз иемдену арқылы олардың Денсаулық сақтау министрлігінің "Тіркелген халық тізілімі" және "Damumed" ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені анықталды", – делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу