Жетісу облысында директор мұғалімге демалыс беруден бас тартқаны үшін жазаланды

650

Мұғалім ақысыз демалыс беруді сұраған. 

Жетісу  облысында директор мұғалімге демалыс беруден бас тартқаны үшін жазаланды Фото: alestomebel.ru

Жетісу облысында мұғалімге ақысыз демалыс беруден бас тартқан директор тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында Ақсу ауданындағы 35 орта мектепте "Еңбек кодексі" талаптарының сақталмауы саласындағы бұзушылықтар анықталды. Еңбек кодексінің 97-бабының 3-бөлігіне сәйкес жұмыс беруші қызметкердің өтінішінен кейін бес күнтізбелік күн ішінде ақысыз демалыс беруі тиіс деп көрсетілген. Алайда осы талаптарға қарамастан мектеп директорлары қызметкерлерге  мұндай демалысты беруден бас тартқан.

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мұғалімдер мен білім беру мекемелерінің басқа да қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Облыстық прокуратура білім беру мекемелеріңде жұмыс істейтін 2 мыңнан астам қызметкердің конституциялық құқықтарын қорғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу