Жетісу облысында егін ору басталды

482

Өңірде  325,2 мың гектарға дәнді дақылдар себілген.

Жетісу облысында егін ору басталды Фото: Turkystan.kz

Жетісу облысындағы Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында егін ору жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгінде 46,3 мың гектар масақты-дәнді дақылдар орылып, 85,7 мың тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік гектарына 18,5 центнерден айналып отыр.

"Егін жинау жұмыстарына өңірге 7 924 тонна дизель отыны бөлінді. Қазір оператор анықталды, жергілікті оператор ресурс ұстаушы компаниямен келісімшартқа отырды. Оператордың резервінде қазір 500 тонна дизель отыны бар. Сұйық отын беруге шаруашылықтармен келісімшарттар жасалып жатыр", - делінген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарламасында.

Айта кетейік,  облыста дәнді дақылдар 325,2 мың гектарға себілген, соның 267,2 мың гектары – масақты-дәнді дақылдар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу