Жетісу облысында ер адамның өліміне иттің қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

522

Бүгін Жаркент қаласы көшелерінің бірінен басында жарақаттары бар 54 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты polisia.kz порталына каналына сілтеме жасап.

Жетісу облысында ер адамның өліміне иттің қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр Фото: inform.kz

Ер адамның басындағы жарақаттар ит тістегенге ұқсайды. Ал, жақын маңдағы жер үйде күшіктеген питбуль тұқымды ит бары анықталды. Хайуанның денесінде қан тәрізді қоңыр дақтар болған.

Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Ит уақытша ұйқыға жіберілді. Ер адамның ажалы шынымен де ит қапқаннан кейін болған-болмағаны анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу