Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді

347

Полиция қызметкерлері 2 аңшылық мылтық, 1 иір ойықты винтовка және әртүрлі калибрлі 30-ға жуық патрон тапты.

Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді Фото: polisia.kz

Ақсу ауданының 52 жастағы тұрғыны атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

– Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша жүргізіледі. Тәркіленген қару тиісті сараптамаға жіберілді. Тергеу кезінде күдіктіге қатысты “келу туралы міндеттеме” процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды, – деді Ақсу аудандық полициясының бастығы Ернар Ширбаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу