Жетісу облысында инвесторлар 3 жыл бойы жер телімдерін ала алмаған

390

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысында инвесторлар 3 жыл бойы жер телімдерін ала алмаған Фото: canva.com

Жетісу өңірінде 3 жылдан астам екі шаруа қожалығы бордақылау алаңын салу және асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру үшін жер телімдерін ала алмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жер заңнамасына қайшы, жергілікті атқарушы орган негізсіз жер телімдерін беруден бас тартқан.

"Прокурорлық қадағалау актісін енгізгеннен кейін инвесторларға жалпы көлемі 39 гектар жер телімдері беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі", - делінген Жетісу облысының прокуратурасы хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу