Жетісу облысында кадеттер қатары 30 оқушымен толықты

606

Өңірдегі "Жас құтқарушы" алғашқы кадет сыныбы Ақсу ауданында 2021 жылы ашылған. 

Жетісу облысында кадеттер қатары 30 оқушымен толықты Фото: gov.kz

Жетісу облысындағы Текелі қаласында жас құтқарушылардың кадет сыныбы ашылды, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, кадеттер қатары Текелі қаласының № 4 орта мектебінің оқушыларымен, яғни 30 ұл-қызбен толықты. Кадет куәлігін алған оқушылар ант қабылдады.

Облыстық ТЖД бастығы Бауыржан Ізбасаровтың сөзінше, тәжірибелі құтқарушылар оқушыларға түрлі сабақтар өткізеді.

"Кадет сыныбының оқу бағдарламасына негізінен әскери-медициналық дайындық, өртке қарсы қолөнер, сап дайындығы, денені тік ұстауға бейімдейтін хореография сабақтары енгізіледі. Сол сияқты балалар шахмат ойнауды да меңгереді. Қаламыздың ерекшелігін ескеріп, туризм негіздеріне де оқытамыз", - деді №4 мектеп директоры Меруерт Бюрина.

Облыстық ТЖД өңірде жаңа кадет сыныптарын ашу әрі қарай жалғасатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу