Жетісу облысында қар құрсауынан 4 адам құтқарылды

313

Алакөл ауданында, Жайпақ ауылының шетінде қар құрсауында адамдар қалып қалғаны туралы 112 пультіне хабарлама келіп түсті.  

Жетісу облысында қар құрсауынан 4 адам құтқарылды Фото: бейнежазбадан

Құтқарушылар оқиға орнына жедел түрде шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оқиға орнына келген кезде қар құрсауында бір жеңіл автокөлік тұрғаны анықталды. Көлік ішінде 4 адам, оның біреуі бала болған.

Құтқарушылар автокөлікті қауіпсіз жерге дейін жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу