Жетісу облысында кәсіпорын директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған

436

Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді.

Жетісу облысында кәсіпорын директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған Фото: freepik.com

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сот үкімімен "Алакөлжылу" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған", - делінген Жетісу облысы прокуратурасының хабарламасында.

Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу