Жетісу облысында өзеннен аспалы трос арқылы өтпек болған ер адам суға кетті

397

Оқиға 10 мамырда болған.

Жетісу облысында өзеннен аспалы трос арқылы өтпек болған ер адам суға кетті Фото: бейнежазбадан

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Көксу ауылының маңында өзеннен аспалы трос арқылы өтпек болған 36 жастағы ер адам суға ағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Ол Көксу өзеніне құлап кетіп, қатты ағыс ағызып әкеткен. 11 мамыр таңғы сағат 06:30-дан бастап ТЖД, орман күзеті, жергілікті атқарушы органдар, полиция, әскери полиция және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерін тарта отырып, ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды", - дейді ведомство.

Барлығы 98 адам және 22 бірлік техника, оның ішінде жүзу құралдары, дрондар және спутниктік байланыс жұмылдырылған.

Олар Көксу өзенінің екі жағалауында ұзындығы 35 шақырымға дейінгі учаскеде 8 топ болып іздеу жүргізген. Алайда ер адам әлі табылмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу