Жол-көлік оқиғасы Панфилов ауданында болды. Сарыөзек - Көктал автожолының 99 шақырымында Subaru Forester автокөлігі SHACMAN жүк көлігімен соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жапондық көліктің 50 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның 45 жастағы жолаушысы да қайтыс болды. Зардап шеккен 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу