Жетісу облысында көлік есекке соғылып, бір адам көз жұмды

606

Есектің иесі әлі анықталған жоқ. 

Жетісу облысында көлік есекке соғылып, бір адам көз жұмды

"Батыс Қытай-Батыс Еуропа" тас жолында есекке соғылған көліктегі 3 адам зардап шекті, деп  жазады inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жол-көлік оқиғасы 6 қазан күні кешке "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" тас жолының 275-ші шақырымында болған. Audi A-4 көлігі жолға шығып кеткен есекке соқтығысқан. 21 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ екі адам ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу