Жетісу облысында Қорғасқа баратын тасжолда көлік қозғалысы қайта ашылды

455

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісу облысында Қорғасқа баратын тасжолда көлік қозғалысы қайта ашылды Фото: canva

Жетісу облысында республикалық маңызы бар "Көкталға кіреберіс – Жаркент – Қорғас" автожолының Үшарал мен Диқанқайрат ауылдары арасындағы учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс қайта жанданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– 2026 жылғы 1 тамыз сағат 23:00-де республикалық маңызы бар KZ 05-02 "Көктал – Жаркент – Қорғас" автожолының 313-319 шақырым аралығындағы (Үшарал мен Диқанқайрат ауылдары арасындағы) учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды, – делінген хабарламада.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу