Жетісу облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды

408

Ақсу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзған қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

Жетісу облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды Фото: Kursiv Media

Жетісу облысының Ақсу аудандық прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына жүргізілген талдау барысында мемлекеттік қызметкердің әдеп және құқық нормаларын өрескел бұзғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратура мәліметінше, мемлекеттік орган қызметкері заңмен белгіленген тыйымдарға қарамастан, құмар ойындарға қатысқан.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін аталған қызметкер лауазымынан босатылды.

Жетісу облысының прокуратурасы мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу