Жетісу облысында мал ұрлығымен айналысқан жас жігіт ұсталды

729

Ол ауылдастарынан мал ұрлады деген күдікке ілініп отыр.

Жетісу облысында мал ұрлығымен айналысқан жас жігіт ұсталды

Жетісу облысында мал ұрлығымен айналысқан 28 жастағы жігіт ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

Аталмыш дерек Алакөл ауданының Қабанбай ауылында болған. 

Ақпаратқа сәйкес, ер адам өткен жылдың шілдесінен қазанына дейінгі аралықта ауылдастарынан мал ұрлады деген күдікке ілініп отыр. 

"Ұсталған адам бұрын полицияның көзіне түспеген және иелері қараусыз қалдырған малды ұрлауға маманданған. Оның бір жылқы, екі сиыр және алты қойды ұрлауға қатысы бар екені дәлелденді. Мал қылмыс орнында сойылып, ет төмен бағамен көрші елді мекендерде сатылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлық сатып алушылар анықталды", - деді облыстық ПД КПБ бастығы Қайрат Журунов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу