Жетісу облысында марихуана өсірген ер адам ұсталды

336

Күдіктіден 11 келіден астам есірткі тәркіленді

Жетісу облысында марихуана өсірген ер адам ұсталды Фото: Polisia.kz

Жетісу облысы Көксу ауданының 64 жастағы тұрғыны заңсыз марихуана өсірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Көксу ауданы Бозтоған ауылының маңындағы алаңда полиция қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің 24 бұтасын түп-тамырымен жұлып алды. Оларды өсіру және тиісті күтім фактісі күдіктінің айғақтарымен расталды. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 11 келіден астам каннабис болып шықты", делінген хабарламада.

Ер адам бұрын осындай құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылғаны анықталды.

"Күдікті марихуананы өзіне арнап өсіргенін түсіндірді. Іс жүзінде ҚР ҚК-нің 300-бабында (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу