Жетісу облысында оқушы мұғаліммен жаға ұстасып қалды

560

Прокуратура Жетісу облысында оқушының мұғаліммен төбелескенін растады. Ал, оқиға Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласының Фрунзе атындағы мектебінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысында оқушы мұғаліммен жаға ұстасып қалды Фото: smi24.kz

"Сабақ арасындағы ұзақ үзіліс кезінде мұғалім мен оқушы арасында кикілжің туындаған. Ұстаз оқушыға ескерту жасаған, ал бұл жайт балаға ұнамаған көрінеді. Мұғалім аурухананың көмегіне жүгінбеген, полицияға арыз жазудан бас тартқан. Ауданның прокуратурасы барып, мектепте профилактикалық жұмыс жүргізді. Ал, оқушының ата-анасы баласын басқа аудандағы мектепке ауыстыру жөнінде шешімге келді. Жауапты мекемелер оқиғаны қадағалауға алды", - делінген Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, мұғалімге жұдырық ала жүгірген оқушы 8-сыныпта оқиды. Ал, оқиға 14 сәуірде болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу