Жетісу облысында оқушылар тасымалына 12 жаңа автобус беріледі

619

Жеті автобус білім мекемелеріне берілді.  

Жетісу облысында оқушылар тасымалына 12 жаңа автобус беріледі Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісу облысында шалғай елді мекендердегі оқушыларды тасымалдау ету үшін биыл 12 автобус алу жоспарланған болатын. Бүгін соның жетеуі білім мекемелеріне берілді.

Білім күні қарсаңында облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов 7 жаңа автобустың кілттерін тапсырды. 24 орынды автобустар Талдықорғандағы "Айналайын" балалар үйіне, Алакөл ауданындағы Ақтүбек орта мектебіне, Сарқан ауданы Қарғалы ауылындағы  М.Тынышбаев атындағы орта мектепке, Панфилов ауданындағы Керімағаш-Арасан орта мектебіне берілді. Тағы екі автобус Кербұлақ ауданына Жоламан және Қаспан ауылдарындағы орта мектептердің 135 оқушысын тасымалдау үшін тапсырылды. 40 орынды енді бір автобус Көксу ауданындағы Мұқаншы орта мектебіне бөлінді.

Облыстық білім басқармасының айтуынша, 7 автобусты сатып алуға республикалық бюджеттен 292,5 млн. теңге қарастырылған. Бұл қаржыға бүгін білім мекемелеріне "Hyundai", "YUTONG" және "ПАЗ" маркалы автобустар алып берілді. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 5 автобус сатып алуға келісім-шарт жасалған, бұл көліктер жыл соңына дейін жеткізіледі. Сонымен биыл білім мекемелеріне берілетін автобустардың саны 12-ге жетпек.

Атап өтсек, қазіргі кезде Жетісу облысындағы 336 жалпы білім беретін мектепте 128 мыңнан астам оқушы оқиды. Облыста мектебі жоқ 69 елді мекеннен, сол сияқты бастауыш және орталау мектептері бар елді мекендер мен саяжайлардан 1769 оқушы тасымалданады. Оқушыларды тасымалдауға 59 автобус қызмет көрсетеді. Енді олардың саны артып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу